Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай , атаулы мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда сақталады. Жеңіс бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ -9 май күні.
Айтшы, кәне біздің жеңіс шеруі.
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
Ұлы Жеңістің күні құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымыз аман болсын!
Жұдырықтай жұмылған , білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын! Тайынша қаласының № 5 орта мектебі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан, із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің құрметіне арналған "Мәңгілік полк"-"Бессмертный полк" онлайн шеруін ұсынады.