Сен ғана білген сыр
Сыңғырлап күлуші едің ғой,
Сағынып жүруші едім ғой.
Сақталған сырларымды да,
Сен ғана білуші едің ғой...
Сырғақтап талай жыл өтті,
Сезімім қалай жүдетті.
Қайыңның жапырақтары,
Сарғайып жылай түлепті.
Көңілде түн есіп өлең,
Оңаша мұң кешіп келем.
Бақыт та баяулаған ба?
Бұрында бір кешікпеген.
Кештер-ай төзімді түткен.
Кездер-ай арайды күткен,
Серттер де салмақсыз екен,
Таусымай деміміз біткен.
Сыңғырлап күлуші едің ғой,
Сағынып жүруші едім ғой.
Сақталған сырларымды да,
Сен ғана білуші едің ғой...
16.07.2021
Біржан Досжан