Левая колонка
"АЛТЫ ЖЫЛ АШ БОЛСАҢ ДА, АСЫҚ ЕТIН МҮЖIМЕ"
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.
Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекшi болады.
Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.
Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.
Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.
Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.
Жүктi ә
Тибет халқының рухани көсемі Далай Лама өмірді жақсартудың күнделікті 25 дағдысын ұсынады. Діні бөлек болса да, өмір - баршамызға ортақ. Сондықтан өзіңізге пайдалысын түртіп алып, өмір салтыңызға енгізіңіз.
1. Күнде 10-30 минут серуендеңіз. Серуендегенде күлімсіреп жүріңіз.
2. Күнде 10 минут тыныштықта отырыңыз.
3. Ұйқыңыз 7 сағаттан кем болмасын.
4. Үш Э-мен өмір сүріңіз: ЭНЕРГИЯ, ЭМПАТИЯ, ЭНТУЗИАЗМ.
5. Балаша ойнаңыз.
6. Көбірек кітап оқыңыз.
7. Дұға оқуға немесе йогаға уақыт бөліңіз, ол энергияңызды толтырады.
8. 70-тен асқан және 6-ға толмаған балалармен көбірек уақыт өткізіңіз.
9. Жиі армандаңыз.
10. Ағашта өсетін азықты көп жеңіз, зауыттарда өндірілетін тағамды аз тұтыныңыз.
СУЫН ҚҰЛЫН ХИКАЯСЫ….
Үйір-үйір жылқысы бар түрікпеннің бір байы орасан жүйрік тұлпарға құштар болып жүргенде бір көріпкел осы көктемде судан суын айғыр шығатынын, шама келсе үйірді теңіз жағасына жақын жайуды, Алла Тағала бұйыртса, суын айғыр үйір ішіндегі бір биеге шабуы мүмкін екендігін ескертеді.
Сол күннен бастап бай жылқышыларына суын айғырдың судан шығып, үйірдегі бір биеге шабатын уақытын білуді қатаң тапсырады. Қанша күтсе де олар суын айғырдың судан шыққанын көрмейді.
Осыған қапа болған түрікпен байы еліндегі сейіс, әрі сыншы ақсақалды ертіп келіп үйірлерді аралағанда оның көзі боз биені көреді де: «Тұлпар осының ішінде, биені көзден таса қылмаңдар!» – дейді.
Биеге күтім адамна
_*АРҚАДАН ҚАҒУ МЕН БАСТАН СИПАУДЫҢ МӘНІ*_
Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты.
Ал, қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз - жатжұрттық, қыздың бағы - үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзг
Тәтті келу
Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі " қызым тәтті болып келсең дұрыс болады " деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да " тәтті келгенің дұрыс болады " деген екен. Түсінбеген соң қызы " Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не ? " деп сұрайды. Әкесі күлімдеп " қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел , сирек келсең қадірің артады , ата - енеңе сыйлы боласың , арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім " депті.
Көңілге кірбін салмай, жүректі жараламай, әдемі сөзбен ақылын айта білген, тәлім- тәрбие берген Әкелер аман болсын!!!
Ватцаптан алынды
На этом пока всё
Войдите в ОК, чтобы посмотреть всю ленту
Друзья3576
Все друзья467 подписчиков
Подарки
Группы253
- Цветы Флора Калуга7453 подписчика
- Лучшие идеи для сада, дачи и огорода своими руками140363 подписчика
- Огромный выбор открыток по дням недели!23622 подписчика
- Диагностика🔥Психология👇2276 подписчиков
- Прекрасная живопись со всех широт173995 подписчиков