Жалтырдағы кездесу
Сұлудың бұрымындай алтын бидай,
Жел есіп сары дала құлпырғандай.
Тыным таппай егін орып алқаптардан,
Қамбаларға толы болсын қызыл бидай.
Қырық үш жылға жуық біздер көріспедік,
Жөн сұрасып сырларменен бөліспедік.
Құшақтастық сағыныш оты жанып,
Көзден шыққан ыстық жасқа ерік беріп.
Досым Еділ Бикешпен табысыпсың,
Өмірдің сынауымен жарысыпсың.
Тазалығың бала күнгі өзгермеген,
Ұрпағыңа тұмар болып жабысыпты.
Бала болып шет жерде жақын жүрдік,
Шыңдалып көпшіліктен асып жүрдік.
“Кездесеміз әскерден келгенненсоң”,
Деген сөзді жүрекке салып жүрдік.
Ауыл алыс болса да кездесейік,
Жақсы күнде араласып жүздесейік.
Алға қойған мақсаттарың орындалып,
Той тойлап бауырлармен бір жү