Қымбатты отандастар, ардақты ардагерлер! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шын жүректен зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын! Әрбіріміздің үйіміздің төрінде майдангер атаның суреті мен медалі тұр десек артық айтқанымыз емес. Себебі елім деп еміренген азаматтар етігімен су кешіп, қан майданға аттанды. Олар – нағыз батырлар. Біздің аталарымыз – батырлар. Сол аталарымыздың жанкештілігімен келген Жеңіс күні құтты болсын! Бейбіт күніміз үшін тек алғыс айтамыз!
Әке деген асқар тауың орманың, Әке деген арқа сүиер,қорғаның! О,адамдар бар кезінде Әкені, Қадірлейік,өкініште болмағын! Бәйтеректей халқына сая болған, Шыбын жанын халқынан аямаған. Жәннатта жаның болсын, рухың биік, Өзіңдей қайда бізге аяулы адам. Адам мәңгі жүрмеиді бұл жалғанда, Көнемізғой тағдырдың салғанына. Көзімізге ып ыстық жас келеді, Әке .өзіңді сағынып еске алғанда.
Азаматтарымыз аман болсын! 7-МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ Отан ана, бізге қымбат маңызды, Оны қорғау, азаматтың парызы. Ал, жігіттер құтты болсын мереке, Үлкен-кіші құттықтаймын жалпыңды. Солдат болдық сонау совет заманда, Қыйыр шығыс ал, біреулер Ауғанда. Елден жырақ, екі жылды өткізіп, Қайта оралдық, туып өскен ауылға. Күндер-күндер, өтіп жатыр зымырап, Жастық дәурен, артта қалды қол былғап. Жас ұлғайып, өткенімен сан жылдар, Ол жылдарды сағынамыз жабырқап. Бәрі өзгерді, өзгермеген біз ғана, Мамыр келіп, құлпырып тұр айнала. Табиғаттың тылсым сырын ұғалмай, Жан -жағыма, көз саламын таңдана?!... Бұл мереке тойланатын ақпанда, Қаhарлы қыс, күшке мініп жатқанда. Біз той
Е С Т Е С А Қ Т А . Дәрежең көтерілгенде, достарың сенің кім екеніңді біледі ... Дәрежең түскенде, сен достарыңның кім екенін білесің ... Ашулы кезіңде жауап қайтарма, Қуанышты кезіңде уәде берме, Ренжіген кезіңде шешім қабылдама. Кімнің батыл екені -- шайқаста белгілі болады. Кімнің жомарт екені -- мұқтаждықта белгілі болады. Кімнің ақылды екені -- ашу үстінде белгілі болады. Кімнің дос екені -- қиындықта белгілі болады. Күндердің тез өтіп кетіп жатқанына таңқаласың, Кейін мұның күндер емес, өмірің екенін аңғарасың. Адам әлсіз болғандықтан жыламайды, керісінше ұзақ уақыт бойы мықты болып көрінуден шаршағандықтан жылайды. Өмірдің қиындығын көп көрген--көп нәрсеге қол жеткізеді. Өмір а
Бала кезден есте қалған қорқыныштың бірі, неге екенін білмеймін, Күміс апамен байланысты. Ауылымызда сондай (аса мейірімді) кемпір болған. Өлеңдетіп сөйлегенде, аузың ашылып қалады. Өзгеше бір ырғақпен төпелетеді кеп. Кез келген тақырыпқа. Дүкенге бара жатып та жол бойы ұйқастырып өлең шығарады. Фельдшер система қойғанда былай деп төгіп-төгіп жіберіпті: – Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса… Мен алып жатырмын капельниса. Әжей қызық болатын. Оны бәрі жақсы көрді. Бұйығы ғана, қарапайым тірлік кешті. Жападан-жалғыз. Үш ұлы мен күйеуі соғыста өлген… Бүкіл мал-мүлкі: мүйізі сынық көтерем ешкі, үш тауық, бір қораз. Болды. Ә, сосын иті. Ит демекші, соның ит боп үргенін естімеппін. Ауылдағы басқа ит
Тоғыз жасында алапат аштықты басынан кешіріп, бір үйлі жаннан жалғыз өзі тірі қалған жазушы Өтебай Қанахинның жазбасын жариялап отырмыз. Жазба оқыған адамды бейжай қалдырмасы анық. Онда былай делінген: "…аштықтан әлім бітіп көзім қарауытып, есім бірде кірсе, бірде кірмей, тек кірпігім ғана қимылдап, жұртта қалған тастанды күшік сияқты шалажансар жатқан жерімнен ересек біреулердің тауып алып, сыртта тұрған шанаға апарып салғанын, үстіме киіз жауып қымтап жатқанын еміс-еміс білемін. Сөйтсем бұлар аштықтан жаппай қырылып жатқан қазақ ауылдарын аралап, ең болмаса тірі қалған бала-шағаны аман алып қалу үшін қыстау-қыстауды аралап жүрген комсомол жасақтары екен. Жолда бір жерге тоқтап, бір ұрттам
Тасқын тоқтатар тәсіл Біраз уақыт бұрын Дінмұхамед Қо­наев­тың «Сталиннен Горбачевке дейін» атты кітабын оқып отырып, мына бір қызықты дерекке кезіктім. Тасқын суды тоқтататын «қарабура» әдісі жайында жазыпты. Көп адам біле бермейтін бұл әдіс шын мәнінде назар аударарлық. Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ Димаш Ахметұлы былай жазады: «Біз Орталық комитеттің тапсырмасымен Қызылорда облысына бардық. Бөрібай су арнасының бас жағында өте қатерлі апат орын алған еді: бөгетті бұзып өткен көктемгі еріген қар суы Қызылорданы басып қалу және Орталық пен Орта Азия арасындағы теміржол қатынасын үзу қаупін туғызған еді. Бұзылған жерді қалпына келтіру үшін үлкен күш жұмылдырылды. Бұл жұмыстар менің жетекшілігіммен
Қадірменді жерлестер!         Бірлік мерекесі күні Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін! Берекені мақсат тұтқан еліміз ешқашан қайрымды тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші татулығы тірлік» деген Халқым аман болсын "Бірлік бар жерде тірлік бар"деген әліақ бәрі жақсы болады...Мереке құтты болсын Қазақ елі.
  • Класс
Ризамын ата анама өмір берген, Осындай ұлағатты тәлім берген Сол жолмен әсте басып менде келем, Ұл қызды өсіріп сол дара жол менен. Біреуден алдін біреу ден кем. Келемін алғыс алып ұлкендерден. Алланын берген бағын азсынбайтын, Әке -ана сіздерсіз ғой тәлім берген. 23.06.23ж.Сәнімкул. Берман қызы.
Жұмадағы таңғы асдарыңыз дәмді болсын🤲🤲🤲 Астарың дәл осындай болсын майлы, Болады сонда әркез көңіл жайлы. Бір Алла қабыл қылып ақ батаны, От басыңда болмасын ешбір қайғы. Аман болып әр қашан бала-шағаң, Тіреуші болсын деимін жалғыз Аллаң. Үлгі алсын бүгін сенен басқа жұрттар. Қабыл алсын тілекті хақ тағалам.
Показать ещё