Аманаттық депутаттардың өңір тұрғындармен жүздесуі жалғасып жатыр. Өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еркебұлан Мәмбетов Айыртау ауданына жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутаты Еркебұлан Нұрмағамбетұлы жұмыс сапарын Антоновка ауылындағы «Борисфен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастады. Басшысы Ким Вячеслав Александрович. Сүт-тауар фермасы 250 басқа арналған. Жобаның құны 970 млн. теңгені құрады. Жобалық қуаты жылына 2000 тонна сүт. Жоба "Көкше строй"ЖШС-де әзірленді. Несие "Оңтүстік" ӘКК арқылы 176,0 млн. теңге сомасында алынды (инвестор құрылысқа 494 млн.теңге бөлді). Даниядан Голштейн тұқымынан 238 бас сатып алынған. 2022 жыл