ҚЫЗҒАНЫШ
Күз еді. Ауылдағы байланыс бөліміне бастық болып екі баласы бар Бағила деген жесір әйел көшіп келді. Талайдан жабық тұрған почта үйінің есігі сол күні кешке дейін айқара ашылып, шамы түн ортасына дейін сөнген жоқ. Газет таратушы, әрі үй сыпырушы болып істейтін Поля апай мен Бағила сол кеште-ақ кішірек-кішірек төрт бөлмені ақтап, жуып, тазартып тастаған еді. Тұрғын үйге арналған екі бөлмесіне жаңа иесі үлкен ақ кереуетін, көтерген кезде ауырсына сықырлайтын столын кіргізіп, басқа да дүниеліктерін жинастырды. Аяққа оралғы болған балаларын шешіндіріп, маңдайларын кезек сүйіп жатқызған соң, Бағила көңілі жай тапқандай, ашаңдау ақ құба жүзі өткір жанған шамның жарығына шомыла тұрып езу