Ауыл – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Еліміздің тарихында бұл құндылықтардың алатын орны ерекше. Ауыл – ұлттық мәдениеттің, тәрбиенің тал бесігі.
Сондықтан да қазіргі жастарымызды дәл осы бағытта тәрбиелегеніміз өте маңызды. «Байланыс аясынан тыс жерде» реалити-шоуының мақсаты да осы.
Алматыдан қатысушылар үшін арнайы қонақтар келді. Олар: төс сүйекпен көлік тартып рекорд орнатқан палуан – Айдын Нұржұма мен түйе көтеріп 3 көлік тартқан – Алмат Жұманов.
Жігіттер қошқар, бұзау, тана көтеруден сайысады. Ал қыздарды қандай сайыс күтіп тұр? Оны келесі шығарылымнан көресіздер! Қызықтың бәрі алда!