Кішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады.
Анасы: — Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.
Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? – депті қызы таңқалып...
Кеше сабаққа неге келмедің?
Ағам ауырып қалды.
Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?
Жоқ, мен оның велосипедін тептім.
Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?
Төрт болады.
Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!
Тууууу, он төрт деуім керек еді!
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
Анаң қайда?
Жұмыстан әлі келген жоқ.
Әкең ше?
Ол да тығылып қалды.
Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
Иә, ол не тексерді?
Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.
Сен неге сабақта алма жеп отырсың?
Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді...