Продюсер: @zholaman_zhanabay
Режиссёр: @bekmurzabrothers
Оператор-постановщик: @madikan
Актриса: @asanova.n
Колорист: @lagutinsergey
Монтаж: @bekmurzabrothers @madikan
Автор музыки: @nurasyl_tadzhanov
Автор слов: @jasulan.jaqsylyq
Визажист: @shyrynmakeup
Локация: @
smartpoint.me
Образы: @asr_kz
Баян сұлу
Ауыз әдебиеті кейіпкері, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанында жырланатын сұлу қыз. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» сияқты аса көрнекті туынды, ұлттық фольклорымыздың ең асыл маржандарының бірі. Классикалық эпос болғанда да оның ең лирикалық түрі – ғашықтық жыр үлгісінде дамып, соған тән барлық қасиетті бойына дарытқан. Жырда Қозы мен Баянның бір-біріне деген махаббаты да бірден лап ете түспейді, олардың сүйіспеншілігі өрбу, күшею үстінде көрсетіледі. Жігіт пен қыз махаббат жолында құрбан болады. Поэманың көркемдік желісі орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкинді де бейжай қалдырмаған. Оның жазбаларының ішінен белгісіз адамның қолымен жазылған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының үзіндісі (шамамен 1833 жылы, оның Орынборға жасаған сапары кезінде болса керек) табылған.
Құртқа
Қазақ қыздарының эпостық бейнелерінің бірі, Қобыланды батырдың жары.
Көктім аймақ ханы бар,
Құртқа деген қызы бар,
Жұртына жайған назы бар!
Құртқаның образы Қобыланды образын толықтырып тұрғандай. Олар екеуі – алынбас қамал, зор күш иесі. Жас батырдың өмірлік тәжірибесі жетпей жатқан да оған көмекке жан жары келеді. Құртқаның қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Құртқа сияқты әйелдер әлемді билеуге жаралғандай. Олардың туған елге деген махаббаты мен өмірді танып-білуі кімге де болса үлгі боларлықтай.
Құртқа тәрізді асыл жар, ақылды әйелдер қазақ тарихында аз болмаған. Күні бүгін де көптеп табылады. Мұның бір себебі – дала көшпенділерінің, кең сахарада өсіп-өнген еркін халықтың атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ерлік, өрлік дәстүріне орай болса, екіншіден, қазақ халқының қыздарын ұл баладан кем көрмей, жоғары орынға қойып, әлпештеп өсіретін елдік қасиетінен туындап жатса керек. Сондықтан, көркіне мінезі, мінезіне ақылы сай қыздар мен әйелдер халқымыздың мақтанышына айналып, алыс-жақын жұрттың бәрін тамсандырып келеді.
Қыз Жібек
«Қыз Жібек» дастанында жырланатын жас батыр Төлегеннің сүйген қызы қазақ ұғымында сұлулықтың символы ретінде орныққан.
Қыз Жібек образы қазақ қыздарының идеалы ретінде де маңызға ие. Оның бейнесіне еліктеген қыздар махаббатқа адал, көркем мінезді ару болуды мұрат етеді. Сондықтан да, қазақта Қызжібек есімді қыздар аз емес. «Қыз Жібек» дастаны ұлттық эпосымыздың ең бір көркем жырланған көрнекті шығармасы ретінде ардақталады.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары түсірілген екі бөлімді «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына қосылды.