2026 жылғы 27 сәуірде Абай қаласының Орталық балалар кітапханасында «Чернобыль – Жердің қасіреті» атты еске алу сағаты өтті. Іс- шара қайғылы оқиғаның 40 жылдығына арналды. Шара Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін ұйымдастырылды.
Кездесу кітапханашының кіріспе сөзімен басталды. Ол 1986 жылғы сәуір айындағы қайғылы оқиғаларды қысқаша баяндап, оның ауқымы мен жаһандық салдарын атап өтті. Ерекше назар апатты жоюға қатысқан азаматтардың ерлігіне, олардың жанқиярлығына және сол үшін төлеген ауыр бағасына аударылды.
Оқушылар үшін сол кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін фотосуреттер мен құжаттардан тұратын ақпараттық стенд дайындалды. Кітапханашының әсерлі әңгімесі және тақырыптық слайдтардың көрсетілімі балаларға сол уақыттың атмосферасынын тереңірек сезінуге, болған жағдайдың күрделілігі мен қауіптілігін түсінуге мүмкіндік берді. Еске алу сағаты аясында оқиғалардың хронологиясын көрсететін, апаттан зардап шеккен адамдардың тағдыры туралы баяндайтын қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Балалар куәгерлердің әңгімелерін тыңдап, бастан өткен ауыртпалықты сезініп, көзге көрінбейтін жаумен күрескен адамдардың ерлігін жүрекпен қабылдады.
Еске алу сағаты тек тарих сабағы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырудың, бейбітшіліктің құндылығын түсінудің және аға буынның ерлігіне құрметпен қараудың маңызды кезеңіне айналды. Чернобыль апаты сияқты оқиғалар ұмытылмауы тиіс – олар өмірдің нәзіктігін және Жер планетасын қорғаудың маңыздылығын еске салады.
27 апреля 2026 года в Центральной детской библиотеке состоялся час памяти «Чернобыль – боль Земли», посвященный 40-й годовщине трагедии. Мероприятие было организовано для учащихся ОШ (РЦ) им. Н. Абдирова.
Встреча началась с вступительного слова библиотекаря, который кратко обозначил трагические события апреля 1986 года, подчеркнув их масштаб и глобальные последствия. Особое внимание было уделено героизму ликвидаторов, их самоотверженности и той цене, которую они заплатили.
Для школьников был подготовлен информационный стенд с фотографиями и документами, свидетельствующими о событиях тех далеких дней. Живая речь библиотекаря, сопровождаемая показом тематических слайдов, позволила ребятам глубже погрузиться в атмосферу того времени, понять всю сложность и опасность произошедшего.
В рамках часа памяти был продемонстрирован короткометражный документальный фильм, воссоздающий хронологию событий и рассказывающий о судьбах людей, коснувшихся катастрофы. Дети с замиранием сердца listened to personal testimonies, ощущая тяжесть пережитого и беспримерное мужество тех, кто боролся с невидимым врагом.
Час памяти стал не просто уроком истории, но и важным этапом в формировании у подрастающего поколения чувства ответственности, понимания ценности мира и уважения к подвигу старших поколений. События, подобные Чернобыльской катастрофе, не должны быть забыты – они служат напоминанием о хрупкости жизни и необходимости беречь нашу планету.
#Центральнаядетскаябиблиотека#Чернобыль40летспустя#книги#важнопомнить