Әулиекөл орталық балалар кітапханасы әдебиеттер мен басылымдарды таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі» ММ жанындағы интернаттың балаларына «Оқы және ойна» атты жылжымалы кітап және басылымдар көрмесін ұйымдастырды. Жасөспірімдерді кітап көрмесімен таныстырып, олармен «Сиқырлы қорапша», «Жұмбақтар әлемі», «Сымсыз телефон» атты ойындары өткізілді.