Әулиекөл орталық балалар кітапханасы «Әулиекөл бастауыш мектебінің» 4 «А» сынып оқушыларымен «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты интерактивті ойын өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерін, атап айтқанда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды насихаттау, құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табуға тырысса, келесі кезеңде сан түрлі жұмбақтардың шешуін тауып, білімдерін сынады. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, шапшаң жауаптарымен, тапқыр ойларымен көзге түсті. Әрбір кезеңде қатысушылардың ұпайлары есептеліп, әділ бағаланды. Ойын соңында жеңімпаз топ марапатталып, естелікке кітап табысталды.