#Repost @nurlibek_unerbaev
——
Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық онкүндік аясында Қарғалы ауданында әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға қатысып, ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы айтып, тұрғындарды мерейтоймен құттықтадым.
Шара көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына бейнесі салынған алаңда ұйымдастырылды. Бұл туынды — ұрпаққа өнеге боларлық мәдени мұраны дәріптеудің және елдің рухани байлығын арттырудың бір көрінісі.
Кеш бағдарламасы өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.