Көңілді дұға тілек жұбатады,
Аллада адалдықты ұнатады.
Қуанышпен жақсылыққа толы болсын,
Бозарып атқан бүгін жұма таңы!
🌙Жұмаға тілек.
Алладан медет сұрадым,
Жеңілдетсін сынағын.
Жаратқан Ием, бұйыртсын,
Жақсылығын жұманың.
Уайымынан арылтып,
Кетірсін күдік , күмәнін.
Біліп, білмей істеген,
Кешірсін бәрін күнәнің.
Дертінің ізін қалдырмай,
Шипасын берсін сұрарым?
Аман болсын ұрпағың,
Жайқала берсін құрағың.
Қамқорлығында Алланың,
Тыныштық болсын тұрағың.
🙏🙏🙏