Құранды жыртып, құбыжыққа айналған қыз
Діни сауаты бар адамдардың өзі бір мәмілеге келе алмай дабырласып жатса, "басқалар" жайлы айтудың өзі артығырақ. Сол "басқалар" басқа діндерге өздері де өтіп, өзгелерді де ертіп ала кетуде. Алдымен, Алла Тағаланы, сонан соң Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды мойындамайтын жандар өсіп келе жатқан ұрпақтарға теріс тәрбие беріп, тура жолдан тайдыруда. Бірақ, олардың жасап жатқан бұл істері түбінде алдарынан шығатынына еш шүбә келтірмеңіз. Деректерімізді дәлелмен дәйектер болсақ, жақын арада болған бір оқиғаны тілге тиек ете кетуге болады. Иорданиялық отбасылардың бірінде болған бұл оқиға жан түршіктіреді. Дін жолында жүрген әйел Құран аяттарын оқып отырған уақ