Ғаламтордан осы мысал әңгімені оқып кәдімгідей ой түйдім. Халқым, сіздер де оқып көріңіздер.
***
Әкесіне қызы келіп:
- Әке, мен шаршадым. Менің өмірім сондай қиын. Әрқашан алдымнан қиыншылықтар мен кедергілер шығады да тұрады. Ағысқа қарсы жүзіп келем. Күшім де қалмады, - деп мұңын шағады.
Әкесі тіл қатпастан үш түрлі ыдысқа су құйып отқа қояды. Бірінші ыдысқа - сәбіз, екіншісіне - жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе салады. Біраз уақыттан соң судан сәбіз бен жұмыртқаны алып, кофені шыныаяққа құяды да қызынан:
- Не өзгерді? - деп сұрайды.
- Жұмыртқа мен сәбіз қайнады, ал кофе еріп кетті, - дейді қыз.
- Жоқ, қызым. Бұл жай сыртқы көрініс қана. Қара – қатты сәбіз ыстық суда жұмсақ, иілгіш болы