Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации
Тамыз айының тамылжыған күндерінің бірі еді. Кегеннен Талдықорғанға қарай жол жүріп бара жатқан қара түсті көліктің тізгінінде тарамыс денелі, отызға енді толар-толмас жастағы жігіт пен артқы орындықта бір жасар баласын алдына алған ақ-сары келіншек келе жатты. Белгісіз бір ауылдың шетінен енді жанай өте бергенде жолдың қарсы бетінен ұзын етек көйлек пен басына ақ орамал салған, аққұба қыз көліктің алдына қарай жүгіріп шықты. Бұндай оқыс жағдайға дайын болмаған жігіт тежегішін басып үлгеріп, бар екіпінімен жол жиегіне қарай тоқтады. Әлгіндегі қыз тоқтаған көліктің терезесін алақанымен ұрғылап, жылай бастады. -Есікті ашыңызшы! Мені ала кетіңізші өтінемін, тезірек,
Күндердің бірінде жаңадан үйленген ерлі-зайыпты: «Бүгін үйге кім келсе де есік ашпаймыз!» деп бәстесіпті. Аз уақыт өткен соң есік қоңырауы басылыпты. Олар есіктің саңылауынан қараса жігіттің әке-шешесі екен. Алайда, олар есікті ашпапты. Қариялар күте-күте амалсыз үйлеріне қайтыпты.
Түс ауа есік қоңырауы тағы шырылдап қоя беріпті. Ерлі-зайыпты екеуі саңылаудан қараса әйелінің әке-шешесі екен. Олар өзара: «Айтқан сөзімізден қайтпаймыз!» десіпті. Бірақ, дәл осы сәтте әйелі еңіреп қоя беріпті. Бұған дәті шыдамаған күйеуі ақыры есік ашыпты.
Арада көп жыл өтіпті. Олар төрт ұлдың, бір қыздың әкесі болыпты. Қызы дүниеге келген сәтте қатты қуанған әкесі барлық туыс-туған, дос-жар