Менің қолыма кез келген адамға ой салатын тамаша бір жазба келіп түсті. Авторы кім екенін білмеймін.
Қашан жазылғаны да белгісіз. Ол маңызды да емес. Маңыздысы – ондағы айтылған сөздер. Саналы адам осыны оқи отырып, өзіне сабақ алары сөзсіз. Сіз де оқып көріңіз, өкінбейсіз!
* Жақыныңа өкпелі болсаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз. Өкпе, реніш, наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа.
* Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды. Әр уақыттың, адамның да қадіріне жете біл. Тірі адамда мүмкіндік