Жер ана перзентін тербеп алды,
Тербеп алды,баласын емдеп алды.
Ауытқып арқасынан бара жатқан,
Баласын сілкінді де теңдеп алды
Жер ана бұзықтарын сілкіп алды,
Талайы көз жастарын іркіп алды.
“Бейуақыт”ұйықтаған бір тентегін,
Оятып бүйірінен түртіп алды.
Жер ана балаларын шайқап алды,
Естісі мен ессізін байқап алды.
Анасынан жеріген жетесіз ұл
Етегіне оралып қайта барды.
Жер ана тербегенмен құлатпады,
Баласын бебеулетіп жылатпады
Есіне бөбегінің салып қойды,
Тылсымның бар екенін жырақтағы.