Абырой Теңдік Әділеттілік
Алла Тағала пайғамбарымыз Адамды жаратты. Пайғамбарымыз Адамға адами абырой, намыс берді. Пайғамбарымыз Адамның қабырғасынан Хауа(Ева) анамызды жаратты. Барлық адамзатты пайғамбарымыз Адам мен Хауа(Ева) анамыздан таратты. Бір ата мен анадан тараған барлық адамдар тең, адами абырой, намысы бар. Содан кейін Алла адамдарды ұлтқа, тілге бөлді. Барлық ұлттар тең, ұлттық абырой, намысы бар. Барлық адамдардың, ұлттардың теңдігін, адами абырой, намысын сақтау, сыйлау әділетті.
Әрбір адам баласы, өзінің емес, Алланың қалауымен, бір ұлт өкілі болып дүниеге келеді де өтеді, және оның мүддесі өз ұлтының мүдделерінен бөлінбейді.
Әрбір адам баласы, ата - анасының қамқорлығынан