04-ші тамыз күні Б.Ысқақұлы атындағы аудандық орталық кітапхана Шоқан Уәлихановтың 190 - жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы» тақырыбында бірлесіп фильм көру кешін ұйымдастырды. Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Кешке: «Жасыл ел» еңбек жасағы, Нұра ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Т.Ж. Шолтаев, маманы Н.М.Кистаубаева және «КиноТайм» клубының мүшелері қатысты.
Шара барысында қатысушылар назарына «Шоқан Уәлихановтың ізімен» атты бейне фильм ұсынылып, талқыланды. Нәтижесінде: қатысушылар фильм арқылы Шоқанның балалық шағы өткен Сырымбеттен Санкт-Петербургке дейін үлкен саяхат жасап, ол бағындырған биік пен еткен еңбегі жайлы деректер легімен молынан танысты.
Сонымен қатар қатысушылар Шоқан Уалихановтың көптомдық шығармалар жинағымен және ғалым туралы үш тілде жазылған К.Диярованың «Аққан жұлдыз». Шоқан Уалиханов», орыс тіліндегі Ш.Сәтпаеваның «Чокан Валиханов и русская литература», Ж.Бейсенбайұлының «Чокан Валиханов», «Өнегелі адамдар өмірі» атты көркем - өмірбаяндық кітаптардың бірегей сериясымен шыққан И.Стрелкованың «Валиханов» және тағы да басқа әдебиеттермен танысты.
Аталмыш фильм жастардың патриоттық сезімін оятты деген сенімдеміз.