Соғыс ардагерлерінің ерлігі есімізде мәңгі сақталады!Менің әкем Шәріпов Қапсалем Сапарұлы 2 мамыр күні Ақмола облысы, Жарсуат ауылында дүниеге келді. 1941 жылы 17 жасында Ұлы Отан Соғысына аттанды. Оған 58-атқыштар полкінің аға сержанты атағы берілді. Сталинградты азат етуге қатысып, Берлинге дейін жаяу барған. Әкем Қызыл Жұлдыз орденімен және басқада көптеген медальдармен марапатталды. Ауыр жараланып, 1947 жылы үйіне оралды. Отбасымызда 11 бала, 23 немере, 34 шөбере, үш шөпшек бар. Ардақты әкеміздің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Құрметпен, бала-шағасы, немерелі, шөберелері!