Алла Тағала жәннатты жаратты да, оны көріп келуге Жебірейіл періштені жұмсады. Ол келгесін: «жәннатым қалай екен?» деп сұрады. Періште: «Адамдар мұның қандай екенін білсе, бірі қалмай осында ұмтылар еді» деді. Алла жәннаттың айналасын ұзақты күнгі ораза, тәтті ұйқы кезіндегі намаз, қиыншылықтағы сабыр, азға қанағат, жанға жақын мал-дүниеден берілетін зекет секілді нәпсіге ауыр тиетін нәрселермен қоршады да, Жебірейілді көріп келуге қайта жіберді. Ол келгенде: «бұған енді ешкім кіре алмайтын шығар деп қорқамын» депті. Сосын Аллаһ тағала тозақты жаратты да, оны көріп келуге Жебірейілді жіберді. Ол келіп: «мұның қандай екенін білсе, барлық адам мұнда түспеу үшін барын салар еді» дейді. Алла тағала тозақтың сыртын небір сауық-сайрандармен, ойын-күлкілермен, рахат, ләззаттармен қоршайды да, оны көріп келуге Періштені жібереді. Жебірейіл періште қатты уайымға беріліп келіп: «бұдан енді ешкім аман қалмайтын шығар» депті.
Жәннат – дамудың да, құлдыраудың да мекені емес. Ол – мәңгілік ләззат мекені.
Namys TV:
vk.com/kyskadakyzykty