Новоселов ауылдық кітапханасы атақты үш биінің бірі Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жылдығына орай «Әйтеке биден қалған сөздер» таным сағаты ұсынады.
Мақсаты: Әйтеке биден қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру;
Ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру,сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Әйтеке би – ұлы ойшыл, көрнекті шешен, мемлекет қайраткері. Оның дана сөздері халқымыздың ұлттық бірлігін сақтап, ұрпақтарына қалдырған дана сөздер мен қара сөздері ұлы даланың рухани мұрасына айналды.
Бейнетаспада Әйтеке бидің даналығын, еңбексүйгіштігін, парасатылығы мен өз халқына адалдығын көрсетеді.Әйтеке би әрдайым әділдік ұстанымдарын ұстанған, бүкіл өмірін дауларды шешуге және халық арасындағы дауларды адал шешкен данышпан есімімен есте қалады.