Ағылшынша-қазақша Оксфорд сөздігін жыл соңына дейін 10 мың данамен басып шығарамыз
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Президентке 60 мың сөзді қамтитын OXFORD QAZAQ DICTIONARY сөздігін таныстырды.
«Бұл сөздік – төрт жыл еңбегіміздің нәтижесі. Президент сөздікпен танысып, атсалысқан мамандарға алғысын айтты. Осы сөздік негізінде қазақ тілі Oxford Global Languages платформасына қосылады. Бұл бастаманың мақсаты – әлемнің ең ірі 100 тілінің лексикалық қорын өзара байланыстырып, ортақ ғаламдық тіл корпусын жасақтау», -дейді Рауан Кенжехан.
Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сөздік кең көлемде басылып, еліміздің оқу орындары мен кітапханаларына таратылады.