2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында қазақ жазушысы,драматург,қоғам қайраткері Төлен Әбдіктың шығармаларын оқуға ұсынылды.Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерлету,рухани мұрамызды сақтау мақсатында отбасылық оқу кітапханасында №9 ЖББМ-нің 8 сынып оқушыларымен қатысуымен Төлен Әбдіктің « Қонақтар» әңгімесіне талдау жасалды.Жазушының өмірі мен шығармалары туралы презентация көрсетілді.Шығарманы талдап,балалар түсінігін айтып,қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында «Көрнекті қаламгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.