Келе жатсам көшеде көңілім тасып,
Бір сұлу қыз келеді-ай кердең басып.
Жеделдетіп жанына барғанымда,
Сөз таба алмай айтуға қалдым сасып.
Ойпырмай сол қызды-ай,
Қарақат көзді құндыздай.
Ой-дой былқылдап, сылқылдап,
Жанар оты жылтылдап,
Ұстараның жүзіңдей тұр ғой қылпылдап.
Еңді қыздан қалмадым жаным салып,
Алып кетті ойымды оңашалап.
Әттең, шірікін не пайда көлденеңнен,
Іліп кетті-ау бір жігіт құдашалап.
Ойпырмай сол қызды-ай,
Қарақат көзді құндыздай.
Ой-дой былқылдап, сылқылдап,
Жанар оты жылтылдап,
Ұстараның жүзіңдей тұр ғой қылпылдап.
Қош деді де жөніне кетті сұлу,
Қиын болды-ау еріне енді сүю.
Әлде болса сол қызды жолықтырам,
Жанған оттай жүректе қалды жылу.
Ойпырмай сол қызды-ай,
Қарақат көзді құндыздай.
Ой-дой былқылдап, сылқылдап,
Жанар оты жылтылдап,
Ұстараның жүзіңдей тұр ғой қылпылдап.