«Фильм Қытай кинопрокат орталығының қатысуымен түсірілген. Барлық актерлер Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан. Фильм өткен ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі өмірі туралы баяндайды. Фильм көшпелі дүниетаным қағидаттарын, сондай-ақ дәстүрлі қазақ мәдениетінің аспектілерін қозғайды. Фильмнің сюжеті махаббат пен алдау, достық пен опасыздықпен тығыз байланысты», - деп түсіндіреді Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Жазушылар одағының төрағасы, сценарийші Ергеш Құмарбекқызы.
Бұл «Көрікті мекеннен» кейін қытайлық кинорежиссерлердің түсірген екінші фильмі. Құмарбекқызы киноөндіріс Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын қазақ актерлері мен режиссерлерінің жұмысын ынталандырады деп санайды.