Бүгін, 26 наурыз Мемлекеттік тілдегі кітапханамызда М.Дулатұлы атындағы мектептің 3-сынып оқушыларына арналған"Кітаппен өткен өмір - жарқын өмір" атты танымдық саяхат өтті. Саяхат барысында балалар кітаптар әлемімен танысып, түрлі аялдамалардан өтіп, жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып жарысты. Ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, оларға мінездеме берген оқушылар, сонымен қатар тозған кітаптарды жөндеп, нағыз кітап жанашыры екендіктерін көрсетті.
Керемет көңіл-күймен өткен шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. Кітапқа құштар бүлдіршіндеріміз көбейе берсін!