Күзгі демалыс күндері №2 ООК-да №16 ЖББМ-тің 2-сынып оқушылары үшін «Кітапхана – достар мекені» атты Библиотур ұйымдастырылды. Балалар кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхана бөлімдерінің жұмысымен, кітап қорын орналастыру тәртібімен танысты. Сондай-ақ олар кітапхананы пайдалану ережелерін біліп, кітапқа ұқыпты қарау қағидаларын еске түсірді. Оқушыларды басылымдардың алуан түрлілігі, әсіресе балаларға арналған кітаптардың молдығы таңғалдырды. Ерекше қызығушылық тудырғаны – панорамалық кітаптар, дыбыстық басылымдар және толықтырылған шындығы бар кітаптар болды. Мұндай кітаптарды тек оқып қана қоймай, онымен ойнауға да болады. Іс-шара соңында балалар «Біз кітаптарды сүйіп оқимыз және кейіпкерлерді танимыз» атты әдеби викторинаға қатысты. Кітапхана балаларға қуанышты көңіл күй сыйлап, оларға жаңа достар — кітаптарды тарту етті!
В дни осенних каникул в БСЧ № 2 для учащихся 2 класса ОШ №16 был проведен Библиотур «Библиотека – территория друзей». Ребята совершили увлекательное путешествие в мир книг: познакомились с работой отделов библиотеки, расстановкой книжного фонда, узнали правила пользования библиотекой, повторили правила бережного обращения с книгой. Ребят удивило огромное разнообразие изданий, особенно для детского чтения. Внимание детей привлекли необычные книги-панорамки, звуковые издания, книги с дополненной реальностью, которые можно не только читать, но и играть с ними. Завершилось мероприятие литературной викториной «Книги любим мы читать и героев узнавать». Библиотека подарила ребятам позитивные эмоции и новых друзей-книги!