Өлең авторы. Айгүл Сағымбайқызы
Сағындым-ау, күте-күте, сенесің бе?
Жолыңа қаралаймын, келесің бе?
Сүйем десем, мен сені, сенесің бе?
Әлде сенбей, тыңдамай, кетесің бе?
Мүмкін сенде, мен ойлап, сағынарсың,
Құдіретіне махабаттың, табынарсың.
«Әттеген-ай» - деп мүмкін, ойланарсың,
Әр елестен, мені іздеп, сағынарсың.
Беу дүние-ай, бұл өзі, қалай болған,
Сергелдеңде, қайсарлықта толқыған.
Махаббатты сыйлап тұрып, алдаған,
Шеріп қалып, аяқтардан, құлатқан.