Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Мен өртенген сезімге
Оның жаны күймейді.
Құрметтеймін мен оны,
Ол жүреді қырсығып.
Гүл сыйлайын дегенде
Сыйлап кетті бір шыбық.
Көктемдей боп көңілім,
Күз жүрекке жолықты.
Жақындауға тырыссам
Алыстықтан қорықты.
Оның ары тап-таза,
Мен ғой қара боп жүрген.
Мың сұлуға қарамай
Бір қызды ойлап көп жүрген.
Бақыт деген не өзі,
Күту ме шын сүйгенді.
Елес сезім онсыз да
Жалғыздыққа үйренді.
Ей, ақынның аруы,
Жаңылмашы жолыңнан.
Табаныңа төсемей
Ұста менің қолымнан.
Мен бір қызды сүйемін,
Ол да мені сүймейді.
Тағдырына жазылса
Тек менімен билейді.
Өлең жазып жүрмін ғой,
Жауабы жоқ түр-түрлі.
Осы өлеңнің КИІПКЕРІН іздимін
Қайда тығылып қалдңдар
Қы