Тең келмейтін алтын да еш қолдағы,
Өзің едің,әке,үйдің зор бағы.
Жарық берер айымыздай көктегі,
Болушы едің жанымыздың қорғаны.
Біздер үшін асқар едің, шың,асқақ,
Сенсіз қалды жанымыз да тым ақсап.
Жанарларды жәудіретіп мәңгілік,
Кеттің,әке,жанымыздан жырақтап.
Жадымыздан өшпес мәңгі,әкешім,
Анаға жар,ал біздерге әкесің.
Балаларың, немерелерің де,шөберең
Бәрі сені сағынуда,әке шын.
Жан әкем-ау,жанға батты жоқтығың,
Сабылумен сағынуда ел ерін.
Кеткеніңде келмейтін боп енді еш,
Сені жоқтап,күңіреніп жатты елің.
Сен кеткенде жанарлар да жылап тым,
Жігеріміз кетті сынып,сұлап мың.
Жан әкешім,жаның болғай әрқашан,
Ең ерекше,ақ төрінен жұмақтың.
ЖАТҚАН ЖЕРІҢ ЖАЙЛЫ БОЛСЫН, ӘКЕШІМ😭😭😭