Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации
Қомағай көңіл Құмартып өткен әрнеге. Тірлікте сонау түскенмін талай әуреге. Кешкен өмір де, Көрген бақыт та барлығы, Жетпейді екен ғой , Бір күндік сенің сәулеңе. Бір күндік сәуле жарық мекенім! Мәңгілік түнек қапасқа қалай кетемін. Келмейді-ау тілім.... Өлгеннен сұра дер едім, Тірі жандарға өмір дегенің не екенін!