Мама, сенің жанарың...
Мама, сенің жанарың жылы қандай!
Көз алдымда бейнең əлі ЖАДЫРАп тұр.
Ып-ыстық құшагыңа ене алмай,
Мама, сені еки ботаң сағынып жүр.
Білгенім жоқ кетеріңді, кешір мені;
Кім ойлапты көрмеймін деп енді сені.
Айтшы, мама, бізді тастап қайда кеттің?,
Жауап берші, тым ерте неге сондің?
Сегіз ай болды өзіңсіз таңым атты,
Əр уақыт сені ойлаумен күнім батты.
Мына бір ой мазалайды: өзіңе
Аллам неге ұзақ ғұмыр қимады?!
Топырақты төсек қылып салыпсың,
Жапырақты көрпе қылып жамылдың
Сегіз ай бойы жер астында, маматай,
Қалай ғана, айтшы, тоңбай жатырсың?!
Əлі сенің жоқтығыңа сенбеймін,
Біреу келіп, есік қақса,"сен" деймін.
Əттең, бірақ қиял бұл тек жай ғана
Бір білерім: құшагыңа