Бар болғанымыз үшін,
Нар болғанымыз үшін.
Мені бірде түсініп, бірде түсінбейтін
Асыл жан болғанымыз үшін.
Алғысым шексіз!
Мен бүгін келеді кешіргім,
Біреуді емес, бәрін де кешірдім.
Көріп тұрып - көрмегенді де,
Біліп тұрып - білмегенді де.
Жаныңа жақын тартқанмен,
Көңілін - бөлмегенді де.
Кешірдім.
Шындыққа - сенбегенді де,
Ойларын - жеңбегенді де.
Түсінуге тырысып, сырды ұғып,
Тереңге - еңбегенді де.
Кешірдім.
Іздесең - келмегенді де,
Қол ұшын - бермегенді де.
Барлығын біле тұрғанмен,
Әдейі - көрмегенді де.
Кешірдім.
Аяқтан шалып - құлатқанды да,
Жаныңа тиіп - жылатқанды да.
Бетіне күліп қарап, бірақ та,
Өсек айтуды - ұнатқанды да.
Кешірдім.
Ренішпенен мына фәни өтпе