Қонысұлы Ер Шабай Батыр !
Ер Шабай Батыр Кіші жүз Адай руының Құнанорыс тармағынан шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған.
Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы маныңда жерленеді.
Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842 — 1915) және Жоламан (1855 — 1926) батырлар көне Ү