Махаббат теңеу емес өлеңдегі,Емес ол аңыз болған ел ермегі,Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек, Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді. Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,Жыр кені – ұлы Абайдың жүрегіндеБітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген. Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,Ондайлар қиналмайды, торықпайды,Аялап шын қадірлеп көрмегендерҚызыл гүл солғанына қорықпайды. Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.Шын бақыт екі айналып жолықпайдыҚол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.