Ағымдағы жылдың 12 шілдесі күні Курчатов қаласының Достық үйінде «Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Семей қаласының өкілдері – «Қоғамдық келісім орталығы – Абай атындағы облыстық Достық үйі» КМК директоры Шарова Н.В., директордың орынбасары Алдынгуров А.М., Қазақ мәдениеті орталығының төрайымы, «Айша бибі» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Боқпасарова А.И., ҚХА мүшесі, «Казачий стан» казак мәдениеті орталығының төрағасы Губанов А.Г., Облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сартаев О.И., этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Курчатов қаласының ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері қатысты.