Облако Mail.Ru - это ваше персональное надежное хранилище в интернете. Все нужные файлы всегда под рукой, доступны в любой точке мира с компьютера или смартфона.
АҚЫРЗАМАН БОЛАРДА.....
Қорамалы, қорғанды үйің болад,
Айнымалы - төкпелі биің болад.
Халқына бір тиын пайдасы жоқ,
Ай - сайын бас қосқан жиын болад.
Ішіне шынтақ айналмайтын,
Ежірей деген ұлың болад,
Ақыл айтсаң ауырып қалар,
Бежірей деген қызың болад.
Алдыңнан кес - кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болад.
Ішкенің сары су болад,
Берсең итің ішпейд,
Бірақ адам оған құмар болад.
Домалақ - домалақ түймедей терің болад,
Жастарға билігі жүрмес кəрің болад.
Ертеңіне сенбейтін күнің болад,
Бетіңнен алып түсетін інің болад.
Алашұбар тілің болад,
Дінамалдау дінің болад.
Əйелің базаршы болад,
Еркегің қазаншы болад.
Бұқараны құм алад,
Түрткүлді су алад.
Өлімің қойдай болад,
С