МЫНА АЛТЫ ТҮРЛІ ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНБЕ
Олар: әннәна , мәннәна , ханнана , хаддақа , баррақа , шаддәқа .
Әннәна дегеніміз - үнемі ыңыранып , күнде басын таңып алып , ауруын санап отыратын әйел . Мұндай әйел күнде ауру немесе ауырмаса да ауырған болып көрінетін әйелге үйленуде қайыр жоқ .
Мәннана дегеніміз - сен үшін ананы істедім , мынаны істедім деп күйеуіне міндеті таусылмайтын әйел .
Ханнана дегеніміз - бұрынғы күйеуіне немесе содан болған баласына еміреніп тұратын әйел . Мұндай әйелден де алыс болған жөн .
Хаддақа дегеніміз - әрнәрсеге бір көз тігіп , көрінгенге қызығатын , ананы-мынаны алып бер деп күйеуін қинайтын әйел .
Баррақа дегеніміз - бұл сөз екі мағынаға келеді
ҚҰРМА АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗҒАН ҚАРТ
Мәліметтерге қарағанда, Аббаси халифасы Харун Рашид өзінің уәзірімен бірге қарапайым киім киіп алып, көшені аралауға шығыпты. Көшеде келе жатып, бақшасында құрма ағашын отырғызып жатқан бір қарияны көреді. Қасына барып сәлем беріп, ісіне жеңілдік тілегеннен кейін Харун Рашид:
- Ақсақал, не отырғызып жатсыз? – деп сұрайды.
- Құрма ағашының көшетін отырғызып жатырмын, балам, - деп жауап береді қария.
- Бұл құрма ағашы қашан өсіп, қашан жемісін береді?
- Кім біледі, мүмкін он жылдан кейін шығар, мүмкін жиырма жылдан кейін. Бір Аллаға аян.
- Сіз өзіңіз бұның жемісін көре аласыз ба? – дейді халифа.
- Төрімнен көрім жақын мына түріммен жемісін көре алмаспы