ҚАЛАЙЫҚШЫ ҚАЗАҚ БОЛЫП.
Баба салтын ұмытып, пәс түріміз,
Қазбаласа шыға берер лас, кіріміз.
Әр ұлтқа еліктегіш болып алдық,
Сыртта қалып ата-баба дәстүріміз.
Жеткізе алмай билікке үнімізді,
Ілдебайлап көріп жүрміз күнімізді.
Дүмше молда көбейіп, бәрі білгір,
Тартпақтайды көкпардай дінімізді.
Елікте деп арабқа, түріктерге,
Сүйрейді бірі есікке, бірі төрге.
Қазіргінің уағызын көп тыңдасаң,
Кіріп кеткің келердей тірі көрге.
Ұқсаң дұрыс, діннің ия, берері көп,
Имандылық болса жанға егері тек.
Дәріптеп өлімді көп жүрген жоқ па?
Сенгеніміз дін жолының шебері деп.
Ақтарсаңыз тарихта парақтарды,
Билепті қазақ талай тараптарды.
Сол қазаққа орысты пір еткендер,
Енді тапты, ж
СЫРТТАН ТІЛЕП БАҚЫТЫҢДЫ.
Алалап тағдыр берсе бақ, құтымды,
Құм сағаттай сырғытып уақытымды.
Билік беріп, тағдырға жүремін бе?
Сырттан тілеп тек қана бақытыңды.
Өткен күндер елестеп, түстей бұлдыр,
Сезім қалды жетімдей өспей тұлдыр.
Маздап жанып жанымды мазалаған,
Жүректе бір ұшқын от өшпей құрғыр.
Көз жұмсам, бейнең сенің елестеген,
Күндер аз, бұл тағдырмен егеспеген.
Күз түскенде гүлдеген сезім гүлі,
Ерте көктем мезгілде неге өспеген?
Дегендей, қайғы уыты тарал тағы,
Өткізбей тағдыр қазған жар алдағы.
Үмітпен көк жиекке қарай бергем,
Балықшыдай жалғыз қалған аралдағы.
Жүрек мынау бағынбай алып қашқан,
Алсам ба гүл сезімсіз, салып тастан?
Қиналсам да бағынам тағдырыма,
Өмірді қала