Жалайыр
(ұраны - «қабылан»,«бақтяр», таңбасы - тарақ)
зерттеушілер атап көрсеткеніндеи, жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті IX-X ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. ол жәйындағы алғашқы мағлұматтар моңғол дәуіріндегі XIII-XV ғасырдағы жазбаларда ғана бар. мәселен, рашид әд-дин ежелден жалайырлар көп өніп-өскен ру деп көрсетеді. сондай-ақ, ол: кезінде жалайырлар тұран мениранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, бірәзінің моңғолдарға «шыңғысхан бабаларына» тұтқынға түсіп, сол шыңғысханкезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметты орын алғанын жазады. оған қоса рашид әд-дин жалайыр руының: жәйіт, қоңқауыт, оят, көркін, торы, тоқырауыт, құмсауыт, нілкін, төлеңгіт, саңғыт секілді 10 ірі атадан тұратынын нұсқайды. с. аманжолов рашид әд-дин көрсеткен жалайыр аталарының кеибір тегі қазыргы қазақтар ғана емес, өзге де рулық тармақтарда барын аңғарады. мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- қоңқауыттан - қаңлыны, санғыттан - саңғылды, жәйіттен - жүйді (кіші жүз) , сөнімен қатар қырғыздарды (шәйтеиіт руы) көруге болады. қазыргы заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді.
шыңғысхан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның қытай, тибет, түркістән мен персяға жорықтарын қолдап отырды. қытайды жаулап алған шыңғысханның әйгілі қолбасшысы мұқылы-тобан жалайыр руынан шыққан. шыңғысхан тұсында да, кеиініректе де жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі моңғоля мен қытайда қалды؛ екіншілер жошының балаларына беріліп, шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, шуманақ деп аталды؛ үшіншілер шыршық пен әнгрен алқабында қоныс теуіп, жалайыр ордасы әтәлуімен мәлім (сырманақ) ؛ төртінші топ құлағу ханмен персяға кетті. одан әрі М. Тынышбай ұлы жалпы нішәндәрмен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. мәселен, ақсақ темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370- жылы олар оның қарсыластары дулаттар жағына шығып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. парсы тобы иранда негізгі маңыз атқарды؛ жалайыр әулеті тіпті сөлтүстік иранда, албір кезде бағдатта да патшалық құрды.
жалайырлардың басты бөлігін 1370- жылғы сырманақтар келіп қосылған шуманақтар түзеді.
бұдан әрі М. Тынышбай ұлы жалайырлардың жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, ежен ханның ақ ордасына тірек болғанын, орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің ұйтқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі ұлытау ауданында болған деседі, осы кезде оразмұхаммет сұлтан өзінің биы қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, мәскеуге жөнелтіліп, борис гөдунөв патша оларға қасым қаласын беріп, қадырғали жалайыри онда оразмұхамметтың ата-тегінің шежіресін жазды. XVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығына деиін жалайырлар шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ«ақтабан шұбырынды, алқаколсұламада» қайтадан бетпақ дала шөліне қарай серпілді.
одан кеиін жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар жоңғаряны біржөлә күйреткенше, әягөз өзеніне деиін жетті. соның нәтижесіндеазаттық алғаннан кеиін, жалайырлар жетісудің қаратал өзені жағасы мен іле сағасын мекендеп қалды. дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып н. аристов жалайыр руларының аттары негізінде олардың моңғол тектес емес, арғы тегінің аралас түрк-моңғолдан шыққанын дәйектеді.
Н. Аристовтың пікірінрастай отырып, с. аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін көрсетіп, жалайырлардың ежелгі түрктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдеді.
жалайырлар тармағының ішінде моңғол билігіне деиін көптеген ежелгі түрк руларының болып, басқа да ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңғаларлықтай мидай араласып кетуі, олардың(жалайырлардың) моңғол шапқыншылығына деиін түрк тектес болғанын көрсетеді. хюаханы Әбылғазы Баһадұрхан жалайырларды моңғолдың хайду ханының тұтқыны болғаннаы кеиін ғана моңғол атанды деп есептеиді. бұдан жалайырлардың басым көпшілігі моңғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, моңғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. ежелгі моңғолдардың салт-дастүрі бойынша, олар өзмырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдән» арылып, жоғары шен, атақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. сондықтан қытайды жаулап алғандардың ішінде жалайыр мұқа ноянның болуы таңғаларлық емес.
одан әрі с. аманжолов жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың сырманақ пен шуманақ тармақтарына айрықша назар қойып, бұлар ежелгі дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-муғун, шу-бан және басқалар. өләрмен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен оманақ та байланысты болуы мүмкін. арал теңізі аймағындағы шектілер де өздерін жаманақ деп атайды. осыдан қазақ пен қырғыздардың одан да жақын туыстығы мәселесі туындайды,меніңше, «манақ» ең әуелі рулық атау емес, ол тіршілік етусипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. шуманақ сөзін «шу бақташылары» (егер моңғолдың «манақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «шу бағбандары»(егер түрктің «манау» бағбан») деуге болатындай. әрі қарай с. аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде жалайырлардың қоныстануын қадағалайды. жалайырлардың басым көпшілігі бар уақытта жетысудағы қапал оязында тұрды, деп жазады ол. бәлкім, бірәз бөлігі зерәушән алқабынақоныс аударған шығар.
Жорықтарға қатысушылар, әулеттер мен хандарды көтерген жалайырлар (қытай, перся, мысыр, ресеидің оңтүстігі мен сібірде) , бәлкім, шыңғысхан мен ұлдарына қызмет еткен жоғары әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят-моңғолдар ішінде де бар. олар мүмкін әбылғазы жазған хайду хан құлдарының ұрпақтары шығар.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-құнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың етникалық құрамы жәйіндә недәуір мағлұмат табамыз. м. тынышбай ұлы қазақ халқының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде жалайырлар жәйіндә да орасан еңбек жарялады. Бұл деректердің бәрін зерттеп, өзі жинаған мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құрамы мен қоныстануын В. В. Востров монографялық жұмысында ашып берді. Алайда, жалайырдың бұл рулық құрамында оның 13 атасының ғана тізімі беріледі.
сонімен, қазақ шежіресінде қатталғандай, жазба деректерде сақталғандай, жалайыр руы жерсінуіне байланысты екі ірі аймақтық топқа сырманақ пен шуманаққа бөлінеді.
Біздің мәлімет берушілеріміздің көрсетуінше тағы бір бірманақ тобы болған, алайда ол сыртқы жаулаушының қолына түсіп, сонда қалып кетеді.
ол жергілікті қызға үйленіп, одан қосай және қосымбет қалады. Балалары жас кезінде бірманақ дүние салып, өлер алдында: «тарақ таңбалы елдеріңді табыңдар» деп өсиет айтады. жалайырдың рулық белгісі -тарақ таңба. әкесінің аманатын орындап, балалары қандастарына қайтып оралады. Аңызда айтылғандай, жасөспірім қосайды шуманақтың ұлы андас, ал қосымбетті сырманақтың ұлы бәйшегір паналатады. Сөйтіп, олар жалайыр руының құрамына күшік (қосай) пен арықтыным (қосымбет) болып енеді. ұлы жүздің басқа рулары арасында, жалайырдың өз ішінде де жалайырларды «он екі ата жалайыр» деп атайды. алайда, жеме-жемге келгенде әуелгі атағанның өзінде олар 13 ата болып келеді. ең алғашқы жалайырдың рулық құрылысы жөніндегі мәліметті біз 1825- жылғы архив деректерінен табамыз, онда жалайырдың он екі атасы: андас, мырза, күшік, сиыршы, қалпе, балғалы, қарашапан, сыпатай, бәйшегір, қайшылы, арықтыным мен қырғыз. алайда, бұл жерде де аздаған дәлсіздіктер бар, біріншіден, әуелгі атадан тарайтын екі ру орақты мен ақбұйым жоқ, екіншіден соңғы ру қырғыздар андасқа кіреді.
Жалғасы:
сондықтан ол ата болып есептелмеиді, кеиінгі үрім-бұтақтарға жатады. жалайырлардың ру-тайпалық құрылымы жөнінде толық та дәл сипаттама беретін келесі дерек көзі XIX ғасырдың 60-жылдардың ортасында пайда болды. Н. Абрамов өзінің сол кезде жазған еңбегінде: жалайырлар басты 12 атаға бөлінетінін айтады. шуманақтан жеті ата: андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе мен сыпатай؛ сырманақтан бес ата: арықтыным, бәйшегір, сиыршы, балғалы мен қайшылы. 13 ата кеиінірек балғалымен қосылды. оның кіріккен аты Н. Абрамовтың ойынша, күшік болып саналады. ол өз пайымдауларының негізінде жалайырлардың қандай атаға бөлінетінін келтіреді. мәселен, андас қалқа мен түлімбет болып екіге бөлінеді. олардың биі сол кезде тіленші Балпықов болды.
Қайырғали Жалаири
Дүниеге келгені: 1530жылы
Қайтыс болғаны: 1605жылы
Мансабы:Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған
Қайырғали Жалаири(Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп,1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек."Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
Ол қазақтыңұлы хандарының бірі Тәуекелсарайында қызмететіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жасбекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Наймандеген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар.ХVIII-ғасырдағы Жоңғарқалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа,Көкшетауға көшіп бара елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақ даланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетінжете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханны ...бойын жағалап ит жүгіртіп, құссалатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлібастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, " аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадыр Әлінің Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген және оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханыетіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадыр Әлі бекте зор құрметке бөленіп, бас уәзірлікқызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев