ЖАННҰР (әңгіме)
Ауылдан Жаннұр кеше келген. Сабақты жібергісі келмей қаладағы әке- шешесіне қанша барғысы келмегенмен апасы қоймайды;
-Құлыным-ау, папаң ауруханаға түсіпті. Қаладағы ақ үйге қамалып, тас кемірген шіркіндерде не бар дерсің. Атаң ерте туған қоңыр марқаны сойып қойды. Жеткізіп бер. Біздің жайымыз мынау, орнымыздан отырып тұруымыздың өзі биыл күш болып тұр. Оның үстіне салдыраған Сабырдың ескі автобусының өзі жеткенше діңкеңді құртады, екі өкпеңді соққылап. Сол жазғанның бір автобус алатын күні жетті. Сілені қатырған сілікпесін әкесінің көзін көргендей тастағысы келмейді. Мына көрші «Бірлестіктің» жүргізушісі екі жылда бір автобусын жаңалайды. Өзінен ақшасын аямайтын болымды азамат. «Жолаушыға қызметі де мақтаулы»- деп, сондағы Сағымбек жиен келген сайын ауызынан суы құрып мақтайды да отырады-деп, Жайна апасы әңгімесінің тақырыбын үзіп сәл тыныстаған кезін пайдаланған текті немере жайлап сөзге араласып кетті.
...Бұлай апасының не бір өткен кеткенін әдемі тұздықтағанын әңгімесін күтіп отыра берсе намаздан намазға дейін тауысылмайтынын Жаннұр біледі. Сонда, қартайғанда мен де осы кісідей боларма екенмін...? Құрсын, уағында көрерміз .Бірақ несі бар апасы ,өте мәдениетті, әңгімесінде бір артық ауыз сөз болмайды. Бәрі өмір шындығындай тізбектеліп құстың қанатындай сызылып еліктіріп жатады. Байқап отырса, уақтысы болса тыңдай бергісі келеді. Қара сөзбен өрбіген жанға жылы әуен дерсің. Оған Жаннұрдың ұақтысы қайда? Жаннұр тоғызды үздік бітіргеннен кейін әкесі Садық болмай ; «Мектепті ауылда бітір»- деп, ауылдағы әке -шешесінің қолына жіберген. Біріншіден ауылдық бітірушілерге елдің ең танымал Унирверстеттерін де конкруста грант жеңіп алуға жеңілдік бар,екінші, күннен күнге кәрілік жеңіп бара жатқан шал- кемпірге «қолғабыс тигізсін»- деген, мақсат- жанашырлығы да жоқ емес.-тін... ;
-Апа, келер аптада барсам қайтеді ? Ертең математикадан тест тапсырмақпыз. Қалып қаламын-ғой. Бітіреттін, жылым. Соңғы сынақ.
-Сол математик жетекші Сәуленің өзінен сұрап алдым. Сөзді көбейтпе. Аурухананың тамағында қандай құнар бар дейсің. Басқа бермесін. Вермешелді суға шайқап бере салады олар. Көргенбіз жатып. Дәрі ішіп жатқанға ол ем бола ма? « Дәрі»- деген у ғой қызым-ау. Мамаң да ертелі- кеш жұмыстан бас көтермейді. Бірер күн сорпасын жасап апарып берші. Жүрек ауыруымен ойнама. Үшінші рет ұстап жатыр. Құдай қайырын берсін. Түсімненде шықпайды. Тіпә. Түс түлкінің тезегі. Жақсылық болғай...- деп, қашан да Садық сөз болғанда ана жүрегі елжіреп, күрсініп алып, жанын қоярға жер таба алмай әр сөзін дәлелдеп жататын әдеті... .
Жаннұр сәл жымиды да, жауап қатпай ертеңгі автобусқа дайындығын бастап кеткен-ді.
...Автобустан түскен беті ауруханаға барды. Апасының түйіншегін жеткізді. Папасы бір жеті болса да жүдеңкіреп қалыпты. Жағы сопайып, көзі шүңірейіп қоңырқай жүзінен қан қашып, сұрланғандай... . Елжіреп әлемде ешкімге тең келтірмейтін әкесіне елжірей қарап:
-Папа, денсаулығың қалай болып жатыр. Мен сізді сағынып жүрмін. Еңкейе түсіңізші, бетіңізден жәй сүйіп, мейірімді қандырып кетейін,әкешім... !
Әкесі бұл жолы жауап қатпай Жаннұрға бетін тақай түсті. Қызы жәй емес құшырлана өбіп тұрып қалды... . Садық бетін баяу босатып алып:
- Қызым-ау, жәйің осы ма? –деп күлген болды.
-Папа, балалық шағым есіме түсіп кетті, кешіріңіз! Әкетайым, тамақ ішіп жүрсей! Жүдеп қалыпсың –ғой... !
-Ой, Жанка бұл жерде тамақ деген жетеді. Төрт кісі бір палатадамыз. Табақ-табақ ет, басқа да сәлемдемелер кейде ішілмей, медбикелер мен үй сыпырушыларға ұстатып жібереміз ботам.
-Енді неге жүдеусіз? Мына кейпіңізді апам мен атам көрсе уайыммен ұйқыдан қалады ғой папатай ... !
-Онда сен бар емеспісің? Сен уайымдатпа ақылдым! Сені сол үшін жіберген жоқпын ба? Қатты тымауратып түстім. Жөтел ұйықы бермейтін. Таң атқанша күркілдеп ауыз жаппай өткізген түндер жүдетпей қоя ма. Кешелі бері саябырсыды. Жарайды. Өздерің қалайсыңдар? Атаңды ,апаңды шаршатпай көмектес. Сабағың ше ? Дайындал. Болашақ, білімдінің қолында қызым!
-Оған сөз бар ма папа. Түсінемін ғой. ...Кешкісін қызыл сиырды өзім сауатын болдым. Аяғын байламаймын. Тырп етпей маған ала көзімен бір қарайды да қыл құйрығын екі жаққа кезек тастап тұра береді. Қасқа бұзауы тентек папа. Тоймай ажырамайды, кейде атам екеуміз екі жақтап жүріп әрең ажыратамыз. Дегенмен көндігіп қалды. Сүтті де әжем үйреткендей сүзіп ,өзім пісіремін.Қаймақтаймын. Сол қаймақты жинап сізге «қуат болсын»- деп, банкіге құйып беріп жіберді папа. Дәріден соң жалап тұрыңыз. Менің дайындаған бал қаймағым. Ұйытқан қатығымнан да бір баклашка әкелдім. Одан да көп әкелуге болар еді апам, «күн ыстық, бырышып, ашып кетеді»-деп, алдырмады... .
-Ботам, мен енді жазыламын. Апаң мен сенің дайындаған құрт -ірімшік, айран, қаймағың маған ең шипалы дәрумен болмақ –деп, қызын құшақтап, жұпар шашқан майда қоңыр төбе шашынан рахаттана иіскеген.
Жаннұр әкесінің өзінің еңбегіне рахаттана мәз болғанынына қуанып үйге қайтқан.
... Мамасы бүгін кештеу оралды. Асын әзірлеп, өзі тамақтанып болған соң, алып келген оқулықтарын ақтарып әдетінше болашақ тестілеуге дайындала бастады. Шаршағанын да байқап отыр. Көзі ілініп те кетеді.
Жаннұр жолсоқты болғандықтан ба, столға екі қолын жастанып ұйықтап кетіпті. Анасы келіп, артынан қапсыра құшақтам бетінен сүйгенде оянып кетті. Ұялы телефонына қарады. Сағат онбірден асып кетіпті... !
-Мама, амансыз ба ? Осынша уақыт қайда жүрсіз? Жұмыс уақтысы әлде қашан біткен жоқ па ?
-Жиналыс болды Жанка.
-Тамағыңызды әзірлеп, орап қойғанмын. Мен ішіп алдым,Өзіңіз тамақтана беріңіз. Папама да соғып келдім. Төрт күннен бері соқпапсыңыз ғой. Жұмысыңызға аурухана тиіп тұрған жоқ па? Арасында кіріп шықпайсыз ба... ?
-Сен де ақыл айтатын дәрежеге жетіп қалғанбысың қызым ! Мұның әбестік.Мен өзім білемін ғой... !
-Білесіз ғой. Бірақ, сіздің «білгеніңізден» гөрі папам мен екеуіңіздің бір- біріңе мен үшін қамқорлығыңыз артық мама ! –деп, жатын бөлмесіне беттеді қызы. Анасы сөзден ұтылып, тұрып қалды. .. . «Есейіп қалыпты... .»
Қыз тосын дауыстан . Оянып кетті .Біреу, «мамаңа қарашы».-дегендей. Папасының дауысы. Көзін ашып жан- жағына қарады. Ешкім көрінбейді. Есіне қаладағы өздерінің пәтерінде жатқаны есіне түсті. Көңілі жайланып керіліп алды да, қабырғадағы үнемі тықылы бір толасымайтын мазасыз сағаттқа қарады. Терезеден түскен ай сәулесінен сағат тілінің түнгі үшке тақалып қалғанын көрді. Әке-шешесінің жатын бөлмесінен баяу дауыс естілгендей болды да, «Анам әлі ұйықтамаған екен ғой. Ертеңгі сабаққа дайындығы болар»-деген оймен орнынан тұрып, ақжелең жамылғысын жамыла салды да, бағана да қауыша алмдым, артынан барым байқатпай құшақтап сүйенші жатын бөлмелеріне беттеді. Анасы ұялы телефонын оң құлағына баса ұстап жылап отыр. Таң қалған қыз, «әкесінен жайсыз хабар келіп қалды ма»- деп, есіктерін ашып барып тұра қалды. Шешесі;
-Ауруханада тыныш жатпай біздің сұмырай ауылдан қызды шақырыпты. Енді болмайды. Кешегі отырыс бірер күнге жетер Нұрбек. Көзге түсіп, масқара болып қалармыз. Шыда , қыздың сабағын сылтауратып ертең ауылға қайтарамын. Шыдасайшы! Кеше ғана еді ғой. Аржақтан біреу жалбарынғандай үздігіп тұрғаны белгілі болды. Жарайды , қызды байқап келейін одан соң, есікті ашып қоямын. Жайлап кіре бересің ғой- деген әйел. Жаннұр бөлмесіне есі ауғандай болып енді. Мына сұмдық сөздерден кейін есін тез жинап алып, орнына барып ұйықтаған болып жата қалды... ! Анасы қызының жанына келіп сәл тұрды да, төбесінен жәйлап мейірлене иіскеп алды . Көрпесін қымтап бөлмесіне кіріп кетті.
Анасына өмірінде бірінші рет жиркенген қыз булығып жылап жіберді. Әйел қайта шығып сүлгісін ұстап ваннаға еніп кетті. «Суға түсе бастада-ау»- деген мезгілден кейін сәл ойланған Жанұр кірер есікті қайта құлыптап алғысы келді де тосылып қалды. Болары болған сияқты. Қорқыныш билеген өжет қыз енде болса соңын өз көзімен көргісі келді... ! Одан не ұтады.Жалпы бір жауының босағасында жатқандай. Есік алдында күтпекші болды оны.
Осы маңайдан болуы керек, подез баспалдағы тарсылдап біреу келе жатқандай. Сол!!! Кім...?! Жандүниесі алай- түлей қыз өзіне келіп бекінді...!
Есік еппен ашылып келеді. Қаны басына тепкен қайсар қыздың, дерттеніп жатқан әкесі есіне түсті де буырқанып , қалшылдап жанжағына жанталаса қарап еді, қаракөлеңкеде папасының киім ілгіш жанында жатқан гантелін көрді де теріс қарап епетейсіз есікті іштен құлыптай алмай жатқан бейсауыт еркектін арқатұсынан келіп, «мишығы осы тұста балар»- деген, болжаммен қарақұстан қос қолдап қатты соғып өтті де тәлтіректеп ас бөлмесіне ене берді ... .
... Әлден уақыттан кейін ваннадан сөйлеп шыққан шешсі есік алдына сұлап жатқан жігітті көріп, жедел басып басын көтере бергенін ашық есіктен байқап қалған Жаннұр жанұшырып стол үстіндегі жатқан салалы нан турайтын пышақты қалай алғаны есінде жоқ... . Сабын құшырлана, тістеніп ұстаған бойы ессіз отырған опасыз анасының бүйрі тұсынан пышақпен «Мама мұның не !?»- деп ,- шыңғырған бойы екі рет үрейі пішінде ұрып өтті ... !
... Одан соң таң ата көше ортасында бүк түсіп отырғанда үздіксіз сигенал басып тұрған жеңіл машина жүргізушісінің балағаттаған айқайынан соң есін жиды.
... Жүргізуші жігіт көліктен асығыс, ашулы түсті де ,беті айғыз-айғыз болып тасқа ұрылған қызға жақындап келіп, үңілді де райынан тез қайтты:
-Қарындас,бұл жатысың жарамас. Тұрыңыз , немене, көлік қағып кетті ме... ?- деп, бетіне қайта үңіле бастады.
-Сіз полицеймісіз ? Мені іздеп келдіңіз бе ? Ия, мен екі адамды өлтіріп кеттім! Бүгін қамамай-ақ қойыңызшы. Папама жолығып қалайын, бір ет. Одан соң қамай беріңіз. Не өзім-ақ бара саламын. Рас. Мен алдамаймын, оллаһи ағатай. Алдамаймын. Тек сотталар алдында әкемді бір көріп қалсам болды. Ол ауру ғой... ! Оны жақсы көретінімді айтып кетейінші. Жіберіңізші өтінемін... .
-Не айтып кеттің... ? Мен полицей емеспін, жүргізушімін ғана. Келіңіз, түн салқындау былай жатуға болмас жол үстінде. Маған мініңіз үйіңе апарып тастайын.
-Сіздер мені алдап, қамап тастауға келіп отырсыз.. Білемін! Мен бала емеспін. Әкеме барғым келеді. Үйге бармаймын. Ол үй таза емес. Еш жаққа бармаймын... .
-Бұлай жол үстінде жата беруге болмайды. Жүргінші көлік басып кетеді.
-Баса берсін! Мен өлгім келеді, полицей аға!
-Қарындас мен полицей емеспін! Қорықпа, полицейге апармаймын да. Тоңып қалыпсың ғой , қалшылдап барасың. Осылай іше беруге бола ма ? Сандырақтап жатырсыз.
-Полицей болмасаңыз өтінем, мына тратуарға жылжытып апарыңызшы. Әлім құрып кеттіпті. Сәл ұйықтап алсам, азанда әкеме өзім-ақ, барамын... .
-Сен маған қарындасым сондырақтап отырмын жаныңда. Жүр біздікіне апарамы. Онда қорқынышты емес. Үйде кәрі апам бар. Сол кісінің жанына барып жатасың. Ертемен папаңды бірге іздейміз!
- Алдамайсыз ба ? Еркектердің бәрі алдайды дейді ғой... ! Сөйтеміз бе, мен апалардан қорықпаймын. Аплардың бәрі жақсы. Менің де апам бар. бірақ ол ауру баласын уайымдап қартайып кетті.. .! Ол ертекші апам. Тек ауылда... . Алыста... !
...Асқарбек , Жаннұрдың қолынан ,иғынан демеп еді қауқары қашып, әлсіреген қыз қарсыласуға шамасы келмей ілесе берді. Епті жігіт жеңіл көліктің артқы есігін ашып, қызды артқы орынға ептеп жатқызды да, соңғы терезе алдында көлденең жатқан костюмін алып Жаннұрды жылылап орап,есігін жауып барып, оталып тұрған көлігінің жылытқышын қосып, қолын сүрттіп алып, жүріп кетті.
Үй ауласына жайлап енді. Баласын тағатсыздана күтіп отырған анасы Жақсыкүл ,машина дауысынан үй есігін асығыс ашып ,баласының дарбазаны жауып жатқанын байқап, көңілі орнықандай болып;
-Балам-ау, «үйге келіп қалдым»- дегеніңе бір сағаттай болды ғой. Жаным-ау, сонша кешіктің. Кештікті түсіріп қойып екі көзім төрт болып жол қараумен болдым. Гүр ете қалған дауыс шықса «сен бе?»- деп, далаға тұра жүгіріп мұздыаяқ болып діңкеледім.
-Бәрі жақсы апа. Үйге кірген соң айтамын. Есікті сәл ашып тұра тұрыңызшы. Мына қызды көтеріп кіргізбесем сандырақтап жолда жатыр екен. Есін білмейді. Өзі ебіл-дебіл жылайды. «Қамамаңдар»- дей ме... . Ұқпадым. Тойдан шыққан болу керек. Ішіп алғанға ұқсайды. Адам өлдірдім»- деп те қояды. Жігіттер жол үстіне итеріп тастап кеткендей, бет аузы жырылған ба, түсінбедім... .
-Балам –ау, не деп тұрсың? «Бәлесін жаба алмай тұрғанға жолама» - деп, қақсайтыным қайда... ? Өлмесе өмірем қапсын. Тыныш жүргеннің ұйқысы тәтті жаным. Сен жасырып тұрғаннан саумысың. Өзің қағып кеттіп салаңдатып үйге әкеліп тұрған жоқпысың? Сөзіңнің сыңайы қисық қой. Ойбай-ау !Не бүлдірдің қаспен көздің арасында.
-Қойшы апа, бірдеңке естісең тек жаман жағына ұйғарып шыға келетініңіз не? Менің сізге жалған сөйлегенімді қашан көріп едің ! Дұрыс рым емес қой. Құдай сақтасын. Енді далаға тастап кетейін бе? Жолда жатқан киім екен деп бір көлік басып кетсе ше! Адам боласы ғой. Тез есікті айқара ашып, тіреп қойыңыз да, өзіңіздің бөлмеңізге төсек сала салыңыз. Анығын ертең білерміз... .
Бәрі Асқарбек айтқандай болды. Жақсыкүл өрімдей қызды басын түзеп салған төсекке жайлап болды да:
-Мынау ішкен бала емес қой жаным! Иісі жұпар шашып тұр. Кішкене тынықсын. Таң атып қалды. Тамағыңды ішіп ал. Іздеушілер болса, полицилар жапатармағай іздер. Құдай сақтар. Әкең байқұс та қаймана қазаққа осылай қол ұшын беріп жүруші еді, иманда болғыр... ! Қу жалған-ай! Екеумізді жаратқанға тапсырып кете барған жоқ па, мәңгілігіне...
Қала таңы жаяу борандатып жайсыз басталды. Аялдамадан, аялдамаға асыққан жүргіншілер бас сауғалап ықтасын паналап сабылысуда. Мұндайда қас қылғандай автобустарда кешіге беретіні әдетке айналған. Осы топтың ішінде Азамат та бар. Гаражға апарып қойған көлігіне бара салуға ерінді де, « Тәйірі, күн жаз ғой, желден не қауып. «Жаяу жүрген жүрекке пайдалы- деп, біздер жиі айтамыз да өзіміз орындамаймыз. Тура бір көлікке мініп туғандаймыз»-деп , жымиды да жаяу аялдамаға аяңдаған. Ерінгені бар болсын, ықтап келе жатқаны мынау. Осыны күтіп тұрғандай жел де құтырып кетті... .
Ылаждап жұмысқа кештетіп жетіп , ауруларды аралап жүріп, Садықттың жанына кідіріп, жағдайын саралап отырғанда екі полицей қыздрдың палатаға кіргізбегеніне қарамай баса көктеп кіріп келді. Дәрігер ренжіп:
-Мен обхот жасап жатыр едім жігіттер. Кідіре тұруға болмас па еді? Тәртіпті өздеріңіз бұзасыздар. Мұндай сәтте ауруханаға ешкім баса көктеп енуге құх берілмеген...!
-Кешіріңіз , бүгін бізге кіре беруге болады... . Ауру Қабылбеков Садық осы палатада көрінеді ғой?
Садық басын көтеріп алып:
-Ия, ол мен. Не болып қалды жігіттер ,жайшылық па?
-Қыз қайда ? Көршілерің кеше қызың келгенін айтып түсінік берді түнде.
-Жұмбақтамай түсіндіріп айтыңдаршы. Иә келген, маған соғып үйге кеткен. Кәзір тамақ әкелуге тиісті еді. Өзі аман ба?
-Ол түнде екі адамды өлтіріп қашып кетті... ! Жасырма! Қайда тықсаң да, жер астына жіберсең де табамыз. Одан да өз қолыңмен өткіз қылмыскерді.
...Түк ұқпаған Садық есеңгіреп , аңтарылып сәл отырды да жүрегі тоқтап төсегіне сылқ етіп құлап бара жатқанда Азамат ұстай қалып, дікіңдеген полицейлерді итеріп қуып шығып, жедел көмек шарасына кірісіп кетті... . Бірақ кеш болып ты. Маңдайын қос қолдап ұстаған жас дәрігер дәрменсіздігене лағнет айтып түнеріп, абыр -сабыр медбикелер мен кіріп келген бас дәрігер тұрып қалды... .
***
Болған жайды саралап отырған бас дәрігердегі қаралы бас қосу үстінен есікті қағып медбике рұықсат сұрап кіріп, қолындағы ұялы ұялы телефонды көрсетіп Азаматқа беттеді.
- Садық ағайдың телефоны ғой. Мәскеуден, ағайды сұрайды. Айттым... ! Сізге бер телефонды шұғыл-деп, маған ұрысып берді... .
Бас дәрігер иегін көтеріп Азаматқа «сөйлес»- деген, ишара білдірді. Дәрігер телефонды ептеп ұстап құлағына тақады:
-Иә ағасы қаспен –көздің арасында солай болып қалды... .
-Сен өзі дәрігерсің бе, пенсиядағы қарауылмысың! Түнде ғана сөйлесіп едім ғой. Саған бірер күнде үлкен ауруханаға алып кетемін, құжаттарын Мәскеуге дайында дегенім қайда?!. Алдарыңдағы емделушілерің адам ба, мал ма сендердің. Жауапсыздар! -деді де телефонды қоя салды арғыжақтағы.
Дәрігерлер қапалы түрде жұмыстарын жалғастыра берді. Бас дәрігер полицейлердің жөнсіздігін ренжіп қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығына хабарлап жатты. Бәрі кеш болатын енді...!
Сырттағы боран басылар емес.
-Күн райы күреңбелдетіп басталып еді. Сәтсіздік сан соқтыра бастады!-деп, күбірледі жас дәрігер.
...Жаннұрдың оқиғасын естіген талайды көрген Жақсыкүл біраз ойлы отырды да шаршап қатты ұйқыға кеткен қыздың бөлмесіне Асқарбекті жайлап шақырды да, жайлап:
-Балам, бұл бір сұмдық оқиға ғой. Не істейміз? Уыздай мына он екіде бір гүлі ашылмаған байқұс намысқой қызды қол аяғын байлап полицияға ұстап береміз бе? Екі оттың ортасында қалдық балам. Жаласы тимесін саған да!
-Білмеймін апа. Түнімен менің де басым қатты. Үйден шығарып көшеге жібере салсақ, қаңғалақтап жүріп, бір пәлеге ұрынып қалса қайтеміз? Обал ғой апа. Мұндай да тығырықтан шығатын ақылың бар еді ғой анашым. Ойлан, бір жолын табайық. Полицияға өткізе салсақ қол соғып алып кетеді. Қамайды. Олар не істейтінін құдай білсін. Бала ғой әлі.
-Сөзді көбейтпелік, демалсын. Оянған соң әл жинатып, әкесінің жатқан ауруханасын біліп алайын. Сен осында күт. Мен такси шақырта барып келейін. Қызының хабарын білдіріп, ақылдасып көрейін І «Жүрек дертімен ауырады»- деді ғой. Дәрігерлермен ақылдасып, бір ылажын ойластырармыз-деп бір тоқтамға келді.
Бәрі Жақсыкүл айтқандай болатын болды. Жаннұрға жүректі жайландыратын дәрі ішкізді де, тамақтандырып алып:
-Қызым , осында отыра тұр. Біраздан соң әкеңе өзім алып барамын. Әзірге мені күт. Бәрі жақсы болады балам, қорықпа!- деп, Жақсыкүл аурухананы іздеп кетті... .
... Такси тез-ақ тауып берді. Оған «күте тұр»- деп, өтінген ана ішке кіріп кетті де, шамалыдан соң жылап, көзін сүрткілеп таксиге келіп мініп жатты... !
***
Бітеу жара болған ана мен бала тура бір ет жақының қайғысына ортақ болғандай естері шығып, тығырықтан шығатын жол таппай састы. Тұлдыр жетімек Жаннұрдың не де болса ертең ауылдағы атасы мен әжесіне тапсырып қайту керек болды. Басқа лажы жоқ. Қалғанын ағайындарымен келісіп, өздері шешіп жатар. Болар іс болған екен. Басты ауыртып не істейді. Басқа салғанын көреді де байқұс. Кім түгел дерсің мына заманда . Ессіз шешенің ақылсыз әрекеті не бәлеге ұшыратты! Шайтан шалып тұр да.
Дәріден соң сәл тамақтанып, ыстық ішіп алған қыз күн батысымен теріс қарап оранып жатып алды да,білеудей ісіп, қызарып кеткен көздерін аямай қатты осып уқалады да:
-Апатай, бағана әзірдегі ұйқы мен жүректің дәрісінен тағы беріңізші. Шаршап, жүрегім сұққылап барады...?
- Қызым –ау, бағана іштің емес пе, «жиі ішуге болмайды»- деп, еді аптекар. Қоя тұршы. Тамағың сіңсін. Демал. Ертемен, ағаңның көлігімен атаң мен апаңа апарамыз. Қорықпа. Сен кінәлі емессің. Мектеп жасындағы қызға жеңілдік болады. Ауылың, мектебің қорғап қалады мұндайда!
-Алдаусыратпаңыз апа! Мектепте құқтану пәнінің ең үздігімін. Жасқа да, кәріге де бір жаза. Оның үстіне мен өткенде он алты жастан асып кеттім. Сотталудан қорықпаймын. Тек папамды көріп кетсем болды... !
-Жаманға жорыма, қызым. «Жақсы айтсаң , жақсы болады»- деген бұрынғылар. Бүгінде жаза, тергеуші мен соттың қаламының ұшында. Алда қайырымды шешімгерлерге тап етсін сені. Мен түнімен дұғада болдым Жаннұр!
-Келістім апа, айтқаныңыз келер. Рахмет сіздерге ,Алла разы болсын. Тек дәрі беріңізші, таң айтқанша жақсылап ұйықтайын-деп, кемпірден қоярда қоймай дәрі сұрап алып, тағы теріс қарап жатып алды.
Жаннұр апасы берген дәрілерді алақанына қысқан бойы көзі ілініп ұйқтап кетті. Жанына жақындап келіп, жұқа көрпесін сәл қымтап бетіне үңіле қараған ана, қабағы бірде түйіліп, бірде ашылып өксіп қойып, шырт ұйқыда жатқан балауса , көрікті қызға үңіліп тұрып:
-Байқұс балам-ай, тумай жатып осыншама қасыретке ұршырап , шалынатындай не жазығың бар еді Аллаға. Әкесін аузынан тастамайды. Оны естіртпегеніміз дұрыс болды. Ертең барған соң біле жатар сорлы қумаңдай . Дүниеге бақытсыздығын жетектей келген Жаннұр-ай! Еңіреумен еңсең түсіп бір күнің өтер енді . Алланың өзіне түзу болған соң, не айтарсың құдыреттің жазғанына! Маңдайына жазғанын көрер –деп, көзін сүрттіп, бірер күнде қызындай болып кеткен жұғымды, ақылды, ұстамды қыздың қайсарлығына тәнті болып ақша маңдайын ептеп өбіп,бір өзіне мәлім дұғасын оқып бола бергенде қатты өксіп барып, қыз: « Папатай, өтінемін! Мені тастай көрме, мына сұм жалғанға...! »-деп , шыңғырып жібергенде келесі бөлмеде жатқан Асқарбек те ұшып тұрып, қыздың бөлмесіне жетіп келген еді. Баласын ыммен «жата бер»-дегендей қолын есікке қарай сілтеп:
-Жаным Жаннұр сабыр ете гөр қызым, дамылдашы, бәрі жақсы болады. Жаратқанның жақсылығынан күдер үзбегей..., ұйықтай ғой-деп, кәрі көзінен ыстық жасы мөлтілдеп Жаннұрды үлкен мейіріммен тершіккен иғынан қаға берді.
-Апа! Қорқып жатырмын! Қасыма жатшы. Сіз менің алтын әжеме сондай ұқсайсыз-деп, еңкейе берген Жақсыкүлды нәзік ыстық саусақтарымен құшақтай берді ол... . Қарт оның көңілін қимай жастыққа ептеп сондай мейіріммен жантайады. Мұңлықтың арқасынан қайта қағып, ескі бір әуенді ыңылдай тербеткендей. Қыз кемпірді құшақтаған бойы, тағы ұйқтап кетті... .
-Татті ұйқы сыйласын саған ,Тәңірім! Дамылдашы шамалы балам !- деп, қыздың ыстық құшағынан ажырап ұлы жатқан бөлмеге қарай мұңая ілбіп бара жатты ана... .
... Түн ортасы ауа шошып оянған қыз, есіне бірнелер түскендей ұялы телефонын ашты да асқан жылдамдықпен оншақты жол жазу жазып, тұрып ортадағы жазу столына қойды... .
***
Таң атты. Ерте қамданып жолға дайындалған Асқарбектер Жаннұрдың бөлмесін қақты.
Тым-тырыс. Шырт ұйқыда тәрізді. Жақсыкүл жалмажан есікке тақанып:
-Қызым, шәйға отыралық. Ауылдағы адресіңді ағаңа жазып бер. Күн ысымай жолға шығалық. Тұра ғой қалқам... !
Үн шығар емес. Екеуі асығыс бөлмеге енді. Төсегін мұнтаздай жинап, терезені ашып желдетіпті де кетіп қалыпты. Асқарбек стол үстіндегі қыздың телефонын байқай сала, еппен көтерді.
-Апа, қорықпа, ол таза ауаға шығып, серуендеп кеткен ғой, телефонын қалдырыпты. Шәйіңді демдемей тұра тұр. Күтелік.
Жақсыкүл стол ортасындағы түнде өзі берген тыныштандыратын таблеткаларға көзі түсіп:
- Ол оралмайды. Кетіп қалған-деп, кесіп айтты.
Асқарбек телефонды тез қосып, асығыс қыз жазбасын оқи бастады:
« Апа. Аға ! Сіздерге алла разы болсын. Қиын кезде бауырымдай пана болып бірер күн демедіңдер! Өмірлі болыңдар! Жаламды тастамайын. Кешіре алсаңдар, кешіріңдерІ. Әкемде ауруханадан шыққандай... ! Түс көрдім. Мен үйге қайттым. Сіздердің бақыттарыңды тілейтін боламын ! Қош,Қош. Қ-о-ш , жақсы жандар... ! Мен кетіп барамын А-П-А -т ай !
ЖАННҰР. 04.07 мин.»
Жақсыкүл:
-Бақытты бол, айналайын. Ісің жеңіл болғай !
***
Өмір өтіп , тіршілік тітіркеніп жатты. Пәтеріне барып, полицейлер салған «блонбасын» жыртып, екінші өзіндегі кілітімен ашып енген Жаннұрды бір жетіден кейін бүкіл поъдез иістеніп демалуға мүмкін болмай қалған көршілер полиция, санэпидстанция мамандарын шақыртты. Пәтер есігін бұзып, ашып қалғанда кіре берістегі жылу жүйесінің жоғарғы трубасында асылып тұрған қызды көрген келгендер қарай алмай ү-шу болып жатты... !
...Бір жаңылыстан туған жас өмірдің азапты ғұмыры осылай нүктеленді... !
Б.Н.
10.04.25. ж.
СОҢЫ.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1
Қайда құлдырап барамыз
Иба ұят иман жоқ жаққа ма?!
Қорқынышты өмір