Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти» деген сөздер бекер айтылмаған.
Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан – қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.
Нанды басып, Құранды алуға болмайды, ал аяқтың астына Құранды қойып, нанды алуға болады.
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар.
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды.
Су құйылған немесе тағам салынған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
Ыдыстың беті ашық қалса, улы жәндіктер түсіп кетіп, суды немесе тағамды бүлдіреді.
Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
Бие сауатын көнекті төңкермейді және түбін таяқпен немесе қолмен ұруға болмайды. Ырыс - несібе кетеді.
Қазанды ашық қалдыруға, төңкеруге болмайды. Халық ұғымында ашық қалған қазанды жын - шайтан жалап кетеді деп саналады.
Қазанды төңкеріп қойса, ырыс - несібе кетеді.
Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоймайды. Ол ырысыңның таусылғанын білдіреді.
Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.
Ішінде не бары білінбейтін ыдыстан ішуге болмайды. Ақ шыныдан жасалған ыдыстан ғана ішеді.
Ыдыстан су ішерде азырақ төгіп жіберу қажет.
Мыс және қола ыдыстарды тамаққа пайдалануға болмайды. Мұндай ыдыстарда тағам бүлінеді.
Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар.
Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
Біреуге пышақ ұсынса ұшын өзіне, сабын кісіге қаратып береді.
Ет кескенде қатар отырған екі кісінің біреуі ғана пышақ ұстайды.
Біреудің пышағымен ет кескенде құры қайтармайды. Ұшына май немесе ет шаншып береді.
Бір нәрседен шошынғанда пышақты жастықтың астына қойып ұйықтайды.
Мал баққан адам құр қол жүрмейді, қынды пышақ алып жүреді.
Пышақтың жүзін көкке қаратып қоймайды. Бұл үйдің малы не жаны пышаққа түссін деген жаман ырымды білдіреді.
Жақын адамнан пышақ, ине алмайды. Аралары суып кетеді.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.
Үйге келген адам бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.
Бесікті сатуға, кез келген адамға беруге, аяқ астына тастауға болмайды.
Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.
Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қойған.
Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды.
Бос бесіктің өзін анда - санда отпен аластап, жын - шайтаннан қорғаған.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев