(1950-2008)
ӨЛЕҢ БҰЛБҰЛЫ
(Тілеуберген Жұмамұратовқа)
Жыр нөсерін тұрған кеше атқылап,
Көзі бітіп тоқтады бір ақ бұлақ.
Иесін жоғалтқан өлең тұлпары −
Ер тоқымсыз жүр далада шапқылап...
----------------
Қазыққа бір қалған қаздай байланып,
Қуанышты өткен жолын ойланып,
Иесін жоғалтқан өлең-дәптері −
Дөңбекшиді ақ теңізге айналып...
--------------
Шыныменен енді уақыт озғандай...
Мына хәлді айтуға бір сөз қалмай,
Иесін жоғалтқан өлең-қаламы −
Үстелінде үнсіз қалды қозғалмай...
------------
Тас төбеде жалғыз қанат қаға алмай,
Ешбір жанға қасірет-мұң шаға алмай, −
Иесін жоғалтқан өлең-бұлбұлы,
Көкте ұшын жүр қонар кеуде таба алмай...
----------
P.S. Өлең ақын Тілеуберген Жұмамұратов қайтыс болған кезде жазылған.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 8