🏅«Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмекке ашық болыңдар дұғаларың қабыл болады.» (Ибн Мажә)
🏅«Ауруларыңды садақамен емдеңдер. Садақа барлық ауруды және бәлені қайтарады.» (Байхаки)
🏅«Ілімділер ілімінен, мал-мүлкі барлар мүлкінен садақа берсін.» (Ибни Сүнни)
🏅«Жақсылық өмірді ұзартады, садақа күнәларды кетіреді және жаман өлімнен қорғайды.» (Табарани)
🏅«Садақа кібірді жояды» (Тирмизи)
🏅«Садақа берген адамның ризығы көбейеді және дұғасы қабыл болады!»(Ибн Мажә)
🏅«Садақа беруге кедергі болған адамға лағынет болсын.» (Исфахани)
🏅«Садақа қабір азабынан қорғайды. Қияметте қамқорлығына алады.»(Байхаки)
🏅«Садақамен қиыншылықтардың алдын алыңдар.» (Дәйләми)
🏅«Судың отты сөндіргеніндей садақа да күнәларды жояды.» (Тирмизи)
🏅«Уаллаһи садақа берумен мал азаймайды. Олай болса садақа беріңдер!»(И. Ахмед)
🏅«Садақа дүние-мүлікті көбейтеді. Олай болса садақа беріңдер» (Ибни Әбиддүнийа)
🏅«Садақа 70 түрлі бәленің алдын алады. Бұлардың ең жеңілі алапес ауруы»(Хатиб)
🏅«Садақа шайтанның белін сындырады.» (Дәйләми)
Дағуатты сөздер іс жүзінде ғибратты амалдарға айналсын, мұсылман бауырлар!!!
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев