1МАМЫР
Қазақстандағы Халықтар достығының күні. Өзіңді біреу құрметтесін десең, өзге ұлтты да құрметтей біл.Менің бала кезімде біздің үйде еңгезердей орыстың сары шалы жүретін. Ол кісі келсе ата-анам құшақ жайып қарсы алатын, дастарханын жайып қонақ қылатын. Басында біздер үрпиісіп, есік-тесіктен сығалап қорқып жүретібіз. Адамға тартылыс күші мейірімділіктен тумай ма? Кейін ол кісіге етіміз үйренгені соншалық бауырларымызбен жанына жатуға таласатынбыз.Қаладан келер сәтін кәдімгідей сағынышпен күтеміз, жолын тосып жүреміз. Атай да бізді еркелете білді.. Қаладан тәттілер, қияр, сәбіз, қызанақ әкелетін. Ол кезде біздің кішкентай ауылда көкөніспен айналысар жандар жоқтың қасы еді...Бақыттың