Предыдущая публикация
Өткізіп ой електен
Тебіреніп, толғанып
Жыр жазу өнер, өлеңмен*
Өзен-су, орман, айлы аспан
Шабытыңа үн қосар
Бозторғайдың шырылы
Сазды әуен боп жалғасар*
Жаныңды тербер әдемі
Табиғат-ана әлемі
Ирелең қағып, көзді арбар
Сылдыр бұлақ әуені*
Ақ қайыңмен сырлассаң
Қуанып, кейде мұң шақсаң
Самал желдей аймалар
Жапырағы жайқалған*
Көз жауын алар көп гүлдер
Ақ, сары, қызыл, көк гүлдер
Сиқырлы сезім жетелеп
Қиялға қанат бітірер
Жүректен жыр боп төгілер
Тамаша-ау, бұл сәттер* /АЯН /


Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 1
Тамашаға тамсанайық!